Астана қ. кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту

Астана қ. кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту

Нысанның атауы: «Астана қ. кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту».

Кезең: Жұмыс жобасы.

Мақсаттары мен міндеттері: Осы жұмыс жобасы «Астана қаласындағы қайта құнарландыруымен «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын жою» жұмыс жобасының бір бөлігі болып табылады.

Қуаты тәулігіне 136 мың м³ болатын Астана қаласының қолданыстағы кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту нәтижелері бойынша шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды Есіл өзеніне Астана қаласынан төмен орналасқан диаметрі 1200 мм және өнімділігі тәулігіне 254 мың м³ болатын жаңадан салынған коллектор бойынша ағызуға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге дейін тазартуға қол жеткізу міндеті шешілді. Бұл техникалық шешім бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік берді, атап айтқанда:

  • «Талдыкөл» жинағышына су шығаруды тоқтату және оны жинақтағыш ретінде жоюға кірісу;
  • Астана қаласының техникалық қажеттіліктеріне суды пайдалану үшін Вячеслав су қоймасынан су алуды едәуір қысқарту.

Бұл нәтижелерге негізінен биологиялық тазарту сатысын қайта құру, ультракүлгін зарарсыздандыру цехындағы жабдықтарды ауыстыру және толық тазалау блогын салу арқылы қол жеткізілді.

Тапсырыс беруші: «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

Наверх