Инженерлік-техникалық регламентінің ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау мақсатында құрылысты техникалық қадағалауды арнайы дайындалған мамандар жүзеге асырады. Атап айтқанда, материалдар мен технологияларды пайдалану, жұмыс жүргізу кезеңдері мен мерзімдері, сондай-ақ жалпы жұмыс процестерінің сапасы бақылауға алынады.
Біздің компания штатында құзыреті құрылыстың барлық саласында қолданылатын практикасы бар тәжірибелі мамандар. Біздің мамандар мердігердің жобадан өз бетімен ауытқу салдарынан туындайтын қателіктердің болдырмауын, құрылыс жұмыстарының технологиясы бұзылмауын, құрылыс материалдарын анағұрлым арзанға ауыстырмау сияқты құрылыс процестерін бақылайды. Құрылыс барысында біздің мамандар тұрақты түрде тапсырыс берушіге нақты нәтижелері және жұмыс жүргізу мерзімдері туралы есептер және анықталған кемшіліктер тізбесімен қатар оларды жою жөніндегі кәсіптік ұсынымдар ұсынады.
Техникалық қадағалау маманының жұмыстар сметасын сараптауы сметаның ұлғаюына әкеп соғатын көзделмеген қосымша жұмыстарды болдырмау мақсатында тапсырыс берушіге мүлдем "айқын" және түсінікті болуын ықпал етеді.
Техникалық қадағалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру кезінде тапсырыс берушіге келесі кепілдіктер береміз:
- жалпы құрылыс, монтаждау және әрлеу жұмыстарын жүргізудің барлық кезеңдерінде сапаны кәсіби техникалық бақылау;
- құрылыс-монтаж жұмыстарының аралық және соңғы кезеңдерін қабылдауға қатысу;
- құрылыстық қателерді болдырмау және технологиялық қауіп-қатерлерді барынша азайту;
- жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары ҚНжЕ барлық талаптарына, электр монтаждау жұмыстарын орындау ережелеріне, техника қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелеріне сәйкестігін бақылау;
- құрылысты кестеге сай уақытылы аяқтау мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімін бақылауды қамтамасыз ету;
- нормативтен тыс және құрылыс кезінде ақталмаған шығындарды азайту және болдырмау, соның салдарында тапсырыс берушінің жалпы инвестициялық шығындарын жоспарланған бюджетке сәйкестеу;
- ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылысы аяқталған нысанды тапсыруға қатысу.