Нысанның атауы: «Жаңаөзен қаласында Еділ суын ауыз су сапасына тәулігіне 30 мың м³-қа дейін дайындау үшін су тазарту имараттарының құрылысы».
Кезең: Жоба.
Мақсаттары мен міндеттері: Жоба 2013 ж. Жаңаөзен қаласының халқын, өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, жалпы саны 120 мың адамды орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында әзірленді. Тәулігіне 30 мың м³ көлемінде ауыз су өндіру Жаңаөзен қаласы халқының шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына, СТҚ-ның өз мұқтаждарына және нормативтік шығындарды жабуға пайдалану үшін қажет.
Тапсырыс беруші: «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ.