Нысанның атауы: «Астана қ. кәріз тазарту құрылыстарын салу. 2-ші кезек».
Кезең: Жұмыс жобасы.
Мақсаттары мен міндеттері: «Астана қаласында қайта құнарландырумен «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын жою. 2-ші кезек» жұмыс жобасы аясында кәріз тазарту құрылыстарының өнімділігін тәулігіне 136 мың текше метрден 254 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік беретін ғимараттар мен құрылыстар салынды.
Бұл өнімділікті арттыру келесі мүмкіншіліктерге әкелді:
- Қазақстан Республикасы астанасының қарқынды дамуына және қала халқының қарқынды өсуіне байланысты қалалық сарқынды суларды қажетті көлемде үздіксіз және авариясыз қабылдауды қамтамасыз ету;
- Нұра-Есіл каналына Астана қ. техникалық қажеттіліктеріне тәулігіне 105 мың м³ көлемінде тазартылған суды беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Тапсырыс беруші: «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.