Қарағанды облысы, Теміртау қ. домна газының жалпы зауыттық коллекторы

Қарағанды облысы, Теміртау қ. домна газының жалпы зауыттық коллекторы

Нысанның атауы: «Газ цехы. Диаметрі 3020 мм Домна газының жалпы зауыттық коллекторы».

Кезең: Жұмыс жобасы.

Мақсаттары мен міндеттері: Осы коллекторды қайта жаңарту домна газ құбырының тозуымен және авариялық жағдайымен байланысты болып отыр. Бұл ретте жаңа коллекторды салу қолданыстағы коллекторды тоқтатпай жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайында көзделген. Жұмыс жобасын әзірлеу шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның үлкен аумағында газ құбыры трассасын таңдау геодезиялық жұмыстары ғимараттар мен имараттардың көп саны, жер үсті және жер асты коммуникациялардың болуы және жоспарлы-биіктік геодезиялық негіздің толық болмаған жағдайында орындалды. Бұл жұмыстар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының координаттары мен биіктіктері жүйесінде электронды тахеометрия және жер үсті лазерлік сканерлеу аспаптық әдісімен орындалды. Іздестіруден кейін векторлық жоспарларды құру және жаңа дәлізді таңдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде газ құбырын жаңа трассалауы анықталды және келісілді, ол жеке тұрған тіректерде жол арқылы (Доменная көшесінің бойында) қазіргі жалпы зауыттық коллектордың бойымен төселеді. Төсем белгісі шамамен 15 м.

Тапсырыс беруші: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.

Наверх