Астана қ. қайта құнарландыруымен "Талдыкөл" сарқынды су жинағышын жою

Астана қ. қайта құнарландыруымен "Талдыкөл" сарқынды су жинағышын жою

Нысанның атауы: «Астана қ. қайта құнарландыруымен «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын жою».

Кезең: Жұмыс жобасы.

Мақсаттары мен міндеттері: «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын жою мақсаты Астана қ. сол жағалауының батыс бөлігінде қолайлы геоэкологиялық жағдайды қалыптастыру болып табылады. Рекультивацияланатын аумақта Үлкен Талдыкөл және Үлмес табиғи көлдері қалпына келтіріледі, сондай-ақ рекреациялық мақсаттағы аймақты құру үшін алаң дайындалады.

«Талдыкөл» жинағышын қайта құнарландыруымен жою өнімділігі тәулігіне 136 мың м³ болатын Астана КТҚ-ын қайта құрғаннан кейін, оған КТҚ-дан сарқынды суларды ағызуды тоқтатқаннан және бұл суларды тазартуды Есіл өзеніне ағызу нормативтеріне сәйкес келетін көрсеткіштерге дейін жеткізуге мүмкіндік берген барлық қажетті құрылыстарды салғаннан кейін ғана мүмкін болды.

Осы жұмыс жобасын іске асыру шеңберінде келесі жұмыстар орындалды:

  • жинақтағыш түбін гидромеханизация құралдарымен (жер снарядымен) көлемі 2,3 млн м³ тұндырғыш қойыртпақ өткізгіштері арқылы тұндырғыш-тығыздағышқа тасымалданатын тұндырғыш түбі шөгінділерін тазалау;
  • тығыздалған тұндырғыш-тығыздағыштан тығыздалған шөгіндіні жағымсыз иіс пен қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды болдырмау үшін қажетті реагенттерді қосу арқылы геотекстильді контейнерлерге батырылған сорғылармен айдау;
  • екі маусым бойы 960 геотекстильді контейнерлерде түбіндегі тұнба шөгінділерін сусыздандыру. Геотекстильді контейнерлерде сусыздандырылған тұнба түбі шөгінділері 661 мың м³ көлемінде құнарлы топырақ ретінде кәдеге жаратылуы тиіс;
  • Үлкен Талдыкөл көлінің қалпына келтірілетін жерлеріндегі акваторияның өсуін болдырмау үшін су түбін тереңдету жұмыстары;
  • жинағышты тұнба түбіндегі шөгінділерден тазарту, түбін тереңдету жұмыстары мен сарқынды суларды ағызуды тоқтатқаннан кейін буланудың табиғи процестері нәтижесінде құрғатылған жерлерді рекультивациялау.

1580 м²-қа жуық акватория алаңы бар жинақтағышты жою нәтижесінде, су айдынының абсолюттік биіктік белгісі 343,88 БК болғанда, 2017 ж. қазан айында Үлкен Талдыкөл көлі акваториясының ауданы 500 га құрады.

Қалпына келтіру қорытындысы бойынша жинақтау аумағы ландшафтық-сәулет жобасын әзірлеу және іске асыру үшін дайындалатын болады. Ағаш-бұта екпелерін отырғызу үшін топырақты дайындау, аумақтың орта және шағын нысандарының ландшафтық дизайны, түрлік құрамын таңдау және екпелерді отырғызу қалпына келтірілген аумақтың ландшафтық-сәулет жобасының құрамында жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші: «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

Наверх